15
январь
2026
«Заң – балалар көзімен» атты сурет байқауы
«Заң және тәртіп» айлық аясында мектебімізде «Заң – балалар көзімен» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың заң, әділдік, тәртіп және құқық тақырыптарын шығармашылық арқылы түсініп, өз ойларын сурет арқылы жеткізуіне мүмкіндік беру.
Байқауды көркем еңбек пәнінің мұғалімі
А. Сауытқали ұйымдастырды.
Оқушылар өз жұмыстарында:
-әділдік,
-заң мен тәртіп,
-бала құқығы,
-қауіпсіздік пен жауапкершілік тақырыптарын бейнеледі.
Әрбір сурет – баланың заңға деген көзқарасы, қоғамдағы тәртіп пен әділдікке деген өз түсінігінің көрінісі болды.
@zhetysu_bilim
@aksu_bilim_bolimi20