02
март
2026
Оқу-жаттығу
Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі
Оқу-жаттығу өткізілді
2 наурыз күні сағат 9:40-та Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 16-бабы 2-тармағы 12-тармақшасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығу өткізу туралы хат негізінде терроризмнің алдын алу және төтенше жағдайларға дайындық мақсатында сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайлардағы іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу тәртібін пысықтау, өзін-өзі құтқару мен өзара көмек көрсетудің негізгі тәсілдерін меңгеру, ықтимал шығындарды барынша азайту.
Жаттығу барысында мектеп ғимаратынан барлық қатысушылар 1 минут ішінде қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Іс-шараға:
-237 оқушы
-23 мұғалім
-18 кіші қызметкер қатысты.
Жаттығу барысында мұғалімдер, оқушылар және кіші қызметкерлер арасында жарақат алғандар тіркелген жоқ.
Қауіпсіздік – басты назарда!
@zhetysu_bilim
@aksu__bilim