15
январь
2026
Зан және тәртіп
Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, сондай-ақ заң мамандықтарының қыр-сырын таныту мақсатында мазмұнды кездесу өтті.
Бүгінгі іс-шараның қадірлі қонақтары – заң саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері Н. Даулетханұлы, АӘжДТ пәнінің мұғалімі С. Партизан және зейнеткер полиция қызметкері Н. Биғали болды.
Кездесу барысында қонақтар оқушыларға заң алдындағы жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздік ережелері туралы құнды ақпарат беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарына нақты жауап алып, құқықтық білімдерін тереңдетті.
@aksu_bilim_bolimi20
@zhetysu_bilim
[media=https://www.facebook.com/share/r/1Hq8TBAEHT/]