Материалы за 19.11.2025 » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Есірткісіз болашақ»
19
ноябрь
2025
«Есірткісіз болашақ»
«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде» 8–9 сынып оқушыларына «Есірткісіз болашақ» тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті. Медбике Г.Есимбекова оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ашып көрсетті. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдарын талқылады. Мақсат — жастарды қауіпсіз, саналы, жарқын болашаққа бағыттау. #ЕсірткісізБолашақ #СалауаттыӨмірСалты
«Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты кездесу
19
ноябрь
2025
«Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты кездесу
«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» КММ 15–25 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күні аясында 1 «Ә» сынып жетекшісі Г.Тұрғанбек ата-аналармен «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты кездесу өткізді. Кездесу барысында ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, отбасының тәрбиедегі рөлі, балаға қолдау көрсету жолдары талқыланды. Мақсат: баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау, ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын нығайту, тәрбиеде бірлескен жауапкершілікті арттыру. #ДүниежүзілікБалаларКүні