01
июнь
2022
«1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Тәтті сыйлықтар» атты қайырымдылық акциясы өтті.



«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 1 маусым күні «Балалар жылы-2022» аясында «1 маусым-Халықаралық балалар күні» мерекесіне орай «Тәтті сыйлықтар» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты: балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялау, балаларға жанашырлық таныту, аялы алақанымызды тосып, жүрек жылуын ұсыну.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Бүгінгі қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп ұжымына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.