27
май
2022
«Мен және менің отбасым»




«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 30 мамыр күні «Балалар жылы» аясында, «1 маусым-Халықаралық балалар күні» мерекесіне орай «Мен және менің отбасым» тақырыбында жазғы мектеп оқушылары арасында педагог-психолог Р.Толкынбаеваның, логопед А.Байшаловтың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және балаға отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.