Тәрбие жұмысы 2017-2018 оқу жылы » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2018

Тәрбие жұмысы 2017-2018 оқу жылы


 

«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9-желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

 

2017 жылы 30 қарашада мектеп оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік» тақырыбында флэшмоб өтілді.

 

 

 

 

 

5-қарашада 7-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

  

 

 

 

 

 

 

 


 

6-қарашада «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз», «Заңды білу –заман талабы» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.

 

 

 

Мектеп директоры                К.Сыдыкова


Орындаған: ДТЖЖО             Дутбаева Д

 

 

 

 


«Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа»

әдеби –музыкалық кештің мәліметі

 

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде 5-10 сынып арасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Олжас Сүлейменовтің кеңесшісі, «Невада-Семей» қозғалысының ардагері Мамбетов Хамит Исаұлының бастамасына сәйкес мектебімізде «Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа» тақырыбында әдеби –музыкалық сабақ өтілді. Әдеби –сазды сабақ мазмұны Абай, Пушкин, М.Мақатаев, О.Сүлейменов, Есенин шығармаларын арқау етті.

Оқушылар ақын шығармаларынан үзінді оқып, ән шырқап, би билеп, Олжас Сүлейменовтың өмірі туралы мағлұмат беріп, презентация қорғап, түрлі слайдтар көрсетілді.

Әдеби-музыкалық сабақ әдеби мұраларымызды дәріптеп, поэзияға деген қызығушылықтарын ұштау мақсатында тартымды өтті.

 

 

   

Мектеп директоры               К.Сыдыкова

 

Орындаған ДТЖЖО Д.Дутбаева

 

 
 


Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 30 қазан 4 қараша аралығында Түркістан киелі мекеніне барған оқушы туралы мәлімет

 

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінен 30 қазан 4 қараша аралығында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Түркістан тарихи мекеніне аудан оқушыларымен бірге 6 ә сынып оқушысы Мырзахмет Аяжан саяхатқа барып келді. Саяхатқа барып келгеннен кейін мектепішілік оқушылармен жиын өткізіп Аяжанның әңгімесін тыңдап, сезімімен бөлісіп, пікір алмастық. Аяжанның қасиетті тарихи орындарға барып, саяхаттап жүріп түскен суреттерінен слайд дайындап, оқушыларға көрсеттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Мектеп директоры                 К.Сыдыкова

 

Орындаған ДТЖЖО      Д.Дутбаева

 

 

 


«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы мәлімет

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде 2016-2017 оқу жылынан бастап «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс жасайды. Клубтың негізгі жұмысы оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінік қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жетілдіру, оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату.

Осы мақсатта Адал Ұрпақ ерікті мектеп клубының стенді жасалып, клубтың үш секциясы өз жұмыстарын тиянақты атқаруда. Білім секциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер өткізіп, мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы флэшмоб, диалог алаңдарын өткізіп, ақпарат және шығармашылық секциясы «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында қабырға газет байқауын өткізді. Алда талай жұмыстар атқарылады.


 

 

 

 

 


 

Мектеп директоры            К.Сыдыкова

 

Орындаған ДТЖЖО      Д.Дутбаева

 

 

 

 


 

«Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай атқарылған

іс-шара туралы мәлімет

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектепте 20-30 қараша аралығында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай іс-шара жоспары жасалып, жоспарға сай төмендегі жұмыстар атқарылды. «Менің Елім – менің Елбасым» тақырыбында көрме ұйымдастырылды, «Тұңғыш Президентіміз – Ел бекемі» тақырыбында сынып сағаттары, «Елдің атын ер шығарар» тақырыбында шығарма байқауы, «Қазақстан тірегіміз – Астана жүрегіміз» тақырыбында шығармашылық концерт, «Елім деп соққан жүрегі» тақырыбында жас ақында сайысы өтті.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Мектеп директоры К.Сыдыкова

 

Орындаған ДТЖЖО Д.Дутбаева

 
 
 


 

«Алтын күз» мерекесінің өтілуі туралы мәлімет

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде 23-25 қазан аралығында 5-8 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» мерекесі болып өтті. Оқушылар белсенділікпен қатысып, жеңген команда марапатталды.


 

Тәрбие жұмысы 2017-2018 оқу жылы

 

Тәрбие жұмысы 2017-2018 оқу жылы

 

Тәрбие жұмысы 2017-2018 оқу жылы

 

Тәрбие жұмысы 2017-2018 оқу жылы

 

 

 

 

 

Мектеп директоры К.Сыдыкова

 

Орындаған ДТЖЖО Д.Дутбаева

 
 

 

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. «Туған жер» бағдарламасы

бойынша атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет

Әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру,өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білу мақсатында Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Керейбаева Гүлжанар Төлеуханқызы мен биология пәнінің мұғалімі Мұхаметбай Амир 9-10 сынып оқушыларымен және бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Оразбекова 4 сынып оқушыларымен Қапал ауылының киелі, тарихи мекендеріне барып қайтты.

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие жұмысы 2017-2018 оқу жылы

 

 

 

 

Мектеп директоры                   К.Сыдыкова

 

Орындаған ДТЖЖО Д.Дутбаева

 

 

 
 

 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектепішілік жоспарға сай жұмыс атқаруда. Атап айтсақ мектепішілік «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы. 5-10 сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» және «Біз адал ұрпақ» деген тақырыптарда қабырға газет байқауы өтті, 6а, 6ә сыныптар арасында «Адал еңбек, адал жол» тақырыбында дебат өткізілді, «Жемқорлыққа жол жоқ дейміз!!!» тақырыбында флэшмоб сонымен қатар «Жемқор деген кім?» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

 

 

 

 


Оқушыларға «Зорлық-зомбылықсыз» өмір сүру жолын көрсету, балалық шағын қызықты да, бақытты отбасы болуға тәрбиелеу мақсатында 2017 жылғы 29 қарашада «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанына байланысты 3 «Ә» сыныбында «Бақытты отбасы» атты отбасылық сайыс өтілді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп директоры К.Сыдыкова

Орындаған ДТЖЖО Дутбаева Д.


 

 

 


 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив