Мерекелік іс-шаралар » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2017

Мерекелік іс-шаралар

«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2015-2016 оқу жылында атқарған жұмысының жылдық есебі
Қыркүйек айында ұйым мүшелері сайланып, жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Қыркүйек айында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында отбасы күніне орай тақпақтар сайысы, «Ортақ шаңырақ аясында» отбасы фестивалі
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар

«Бақытты жанұя» тақырыбында шығарма байқауы болып өтті. «Спорт біздің досымыз» тақырыбында денсаулық күні ұйымдастырылды. «Мәңгілік ел» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары эссе жазды. 22 қыркүйек тіл мерекесіне орай «Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Әр сенбі сайын «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» ұранымен сенбіліктер ұйымдастырылып тұрды. Қыркүйек айында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 10А, 10Ә сынып оқушыларымен конференция ұйымдастырылды.
Қазан айында ұстаздар мерекесіне «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында ұстаздар қауымына концерт қойылды.
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар

«Біз бабаларын сыйлаған ұрпақпыз» ұранымен қарттарға көмек акциясы болды. 5-8 сыныптар арасында «Сыбдыры сұлу, Алтын күз» тақырыбында алтын күз байқауы өтті. Құқық онкүндігі аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу?» тақырыбында «Жас Ұлан» мүшелері және жасөспірімдер инспекторы Ғ.Қ.Қожахметовпен бірлескен дөңгелек үстел болып өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрланған қойылымнан байқау болып өтті.
Қараша айында ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған патриоттық ән байқауы өтті. «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы айлықта «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен КТК байқауы болып өтті.
Мерекелік іс-шаралар

«Тұңғыш Президент» күніне арналған Қапал ауылдық кітапханашысымен бірлесіп мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Желтоқсан айында «Салауатты өмір салты уақыт талабы» онкүндігі аясында спорттық жарыс, «СПИД ғасыр дерті» тақырыбында үздік плакат байқауы болып өтті. «СПИД қауіпті дерт» тақырыбында мектеп медбикесі оқушыларға дәріс жүргізді.
Мерекелік іс-шаралар

«Тәуелсіз ту астында» тәуелсіздік күніне арналған тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Желтоқсан айының 27,28,29 күндері «Келді міне, Жаңа Жыл!» тақырыбында жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.
Қаңтар айының 13,14 күндері Е.Жайсаңбаевты еске алу кеші және мұражайға ашық есік күні болды.
Мерекелік іс-шаралар

«Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен «Діни экстремизмге қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті және 6-8 сыныптар арасында сурет байқауы өтті.
Ақпан айында 7-9 сыныптар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында плакат байқауы өтті. «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.
Мерекелік іс-шаралар

Наурыз айында 7-8 сынып қыздарының арасында «Көктем аруы - 2016» қыз сыны байқауы болып өтті.
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар

«Наурыз жыл басы» тақырыбында дәстүрлі наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сәуір айында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» ұранымен сенбіліктер ұйымдастырылды, «Ұшқыш болғым келеді» тақырыбында 4-8 сыныптар арасында ұшқыштар күніне орай шығарма байқауы өтті, 18-сәуір Халықаралық ескерткіштер күніне орай ескерткіш маңында іс-шара ұйымдастырылды, құстар күнінен 5-8 сынып оқушыларымен құстарға ұя жасалып, «Құстар біздің досымыз» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді
Мерекелік іс-шаралар

Мамыр айында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне Қапал ауылдық «Ақын Сара» мемориалды мұражайында кеш өткіздік.
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар

«Жас Ұлан» мүшелері Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Үлкенге құрмет, кішіге - міндет» акциясын ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылыдығына орай 6-10 сыныптар арасында саптық жүру байқауы болып өтті
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар
Мерекелік іс-шаралар

«Жас Ұлан» ұйымының мүшелері белсенділік танытып, әрбір секторлары жоспар бойынша жұмыстарын атқарды.

Педагог-ұйымдастырушы: А.Сандыбаева

















Похожие публикации:

26 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив