Тәрбие жұмысы » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2017

Тәрбие жұмысы

Ақсу ауданы білім бөлімінің
басшысы Б.Рамазановқа
«Е.Жайсаңбаев атындағы орта
мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
әкімшілігінен

«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2015-2016 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі

Мектептегі тәрбие жұмысының жоспары-«Білім және Ғылым министрлігінің 22 сәуірдегі 2015 жылғы №227 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» негізінде құрылған жоспар бойынша жүргізіледі. Оқу жылының басында 2015-2016 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, бекітілді.
МАҚСАТЫ: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбилеу.
2015-2016 оқу жылы Алғашқы қоңырау «Білім күні» мерекесімен басталып, Салтанатты мерекеге Қапал ауылының әкімі, зейнеткер ұстаздар және ата-аналар қатысып құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным-Қазақстан» атты кітабы 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде табыс етілді. «Менің Отаным-Қазақстан» атты тақырыптта барлық сыныпта тәрбие сағаттары өткізілді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ АЗМАТТЫҚ ТӘРБИЕ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕСІ бағыты бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығына «Қазақ хандығының құрылуы», «Қазақ хандығының тарихи-мәдени мұрасы» тәрбие сағаттары өткізілді. 10-20 қараша аралығында құқықтық білім беру айлығы ұйымдастырылып, 2-4 сыныптар «Менің бақытты отбасым» атты тақырыпта сынып сағаттары, 5-11 сыныптар «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.13 қарашада 2-4 сныптар арасында «Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыпта сурет байқауы өткізілді.«Балалық шақтан болашаққа» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында слайдшоу байқауы болып өтті. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен мектеп дефектологы «Балаға мейірімділік» ұранымен мүмкіндігі шектеулі балаларға қайрымдылық ұйымдастырылды. «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында КТК болды. «Жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу» мақсатында ІІБ қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.5-11 сынып оқушылары арасында құқық пәнінің мұғалімі Ф.О.Құрманғалиева «Жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Мектеп мұғалімдері және ата-аналардың қатысуымен «Түнгі қала» кезекшілігі тұрақты өтілуде.01қазан 01 қараша күндері құқықтық білім беру айлығы ұйымастырылды.1-10 сынып оқушылары арасында патриоттық ән байқауы жоғары деңгейде өтті. 20 қарашада және 20 ақпанда «Зорлық-зомбылық, бопсалаушылыққа» қарсы жасөспірімдер инспекторының қатысуымен 5-11 сыныптар аралығында «Зорлық-зомбылық,бопсалаушылыққа» жасырын сауалнама алынды. Нәтижесінде жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, бопсалаушылықтың жоқтығы анықталды. Ауданда өткізілген «Жас Ұлан» ұйымының дала жиынына 10 сынып оқушылары қатысып, алғыс хаттармен марапатталды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі есепте тұрған оқушылармен жекелей жұмыстар және ай сайын үйлеріне рейд жүргізіліп, тұрмыс жағдай зерттеу актсы толтырылып отырады. 9-10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесі 17 қазанда 9-10 сыныптар арасында «Жаңа ғасыр бала құқығы» атты КТК болып өтті. 1-4 сыныптар арасында «Өріт тілсіз жау» атты тақырыпта сурет байқауы болып өтті. Байқауда бас жүлдені иеленген 4а сынып оқушысы Нұрдаулет Ақбота, І орынды 3б сынып оқушысы Сабырбек Рамазан, ІІ орынды 2а сынып оқушысы Айдынұлы Қияс ал ІІІ орынды 3ә сынып оқушысы Әлімбай Айдана иеленді. «Тұңғыш Президент» күніне арналған Қапал ауылдық кітапханашысымен бірлесіп мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Тәуелсіз ту астында» тәуелсіздік күніне арналған тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.
«Жолың болсын балақай!» ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 18-23 сәуір аралығында «Бала жүрегі мейірімділікті сүйеді» атты апталық өтілді. Апталықа 4-6 сынып арасында «Бақытты отбасы» қабырға газет байқауы өтілді. 7-8 сынып арасында «Отбасы және мен» атты тақырыпта үздік презентация байқауы өтілді. І орынды 7ә сынып оқушылары иеленді. 21 сәуір күні 9-10 сыныптар арасында «Мерейлі отбасының өнегелі әңгімесі» тақырыбында өнегелі отбасымен кездесу өткізілді. 22 сәуір күні «Өнеге отбасынан» атты тақырыпта дене тәрбие пәнінің мұғалімі Е.Уәзімнің ұйымдастыруымен отбасылық спорттық жарыс өткізілді. АӘД жетекшісі М.Н.Досатаев «Бала менің болашағым» атты әке мен бала арасында байқау ұйымдастырылды. Ақсу ауданының бас имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлы, Текелі қаласының бас имамы Нұржол Ғазизұлымен кездесулер өткізілді. Қапал ауылының бас имамымен кездесулер әр тоқсан сайын ұйымдастырылып отырады. 18 сәуірде 8-11 сынып оқушылары арасында «Достық-қымбат өмірде» атты достық кеші өткізілді.
Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында мектеп пихологымен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік жағдайлардың және жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыс жоспары құрылды. Педагог-ұйымдастырушы А.С.Сандыбаева «Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Қыздар төрайымы Иемберген Айнұр «Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында баяндама оқыды. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Үлкенге құрмет, кішіге - міндет» акциясын ұйымдастырды.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы

РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ
«Балаларға бірге көмек берейік!» атты қамқорлық акциясы ұйымдастырылды. Акцияда аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары, жартылай жетім және тұлдыр жетім балалар қамтылды.7,8,9,10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз ұлы тұлға» атты тақырыпта ұстаздар мерекесіне мерекелік жиын ұйымдастырды. «Біз бабаларын сыйлаған ұрпақпыз» ұранымен қарттарға көмек акциясы болды.
Қаңтар айының 13,14 күндері «Өнерімен үлгі болған Есболған ата» атты тақырыпта еске алу кеші және мұражайға ашық есік күні болды. Наурыз айында «Наурыз жыл басы» атты апталық ұйымдастырылып, сынып сағаттары өткізілді. 4Асынып оқушысы Әлтайұлы Қалқаман «Төрлет әз Наурыз» , атты тақырыптағы республикалық сыртай байқауға қатысып І орынды иеленді. 18-сәуір Халықаралық ескерткіштер күніне орай ескерткіш маңында іс-шара ұйымдастырылды, құстар күнінен 5-8 сынып оқушыларымен құстарға ұя жасалып, «Құстар біздің досымыз» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді.
Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Мың тағзым ұлы Жеңіске» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз» атты апталық өткізілді.мектеп кітапханашысы Қ.Ж.Балғабекова «Ақыл ойым, абыройым Ана тілім» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.Татулық пен төзімділікке байланысты 9-11 сыныптар арасында «Мәңгілік Ел» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. «Тәуелсіз Қазақстаның мақтанышы» атты қабырға газет байқауы өткізілді. Байқауда І орынды 10 а сыныбы, ІІ орынды 9ә сыныбы ал ІІІ орынды 9а сыныбы иеленді. «Рәміздер мақтанышым» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мамыр айында 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне Қапал ауылдық «Ақын Сара» мемориалды мұражайында кеш өткіздік.
Тәрбие жұмысы

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Қыркүйек айында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында отбасы күніне орай тақпақтар сайысы, «Ортақ шаңырақ аясында» отбасы фестивалі өткізілді. «Менің отбасым», «Әкеге қарап ұл өсер» атты тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. 1 сынып сынып жетекшісі «Әкем, шешем және мен» толағай спорттық жарысын ұйымдастырды. Сәуір айында «Отбасы- өмірдің мәні» отбасы онкүндігін ұйымдастырылып, ата-аналармен біллескен флэш-моб өткізілді.
Тәрбие жұмысы

ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
Сәуір айында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты сенбіліктерде жерді қопсыту, ақтау,қоқыс жинау,жерді ағаштарды түптеу, ақтау, асфальт сыпыру, бардюр ақтау жұмыстарын оқушылар қызыға жүргізді.
«Ата баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» қол өнер үйірмесіне қатысушылардың көрмесі ұйымдастырылды.
«Жасыл ел» тобы мектеп саябағында гүлдер мен ағаштар отырғызды. 6-9 сынып аралығында «Сыбыры сұлу- А лтын күз» атты алтын күз өткізілді.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы

ЗИЯТКЕРЛІК МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ ТӘРБИЕСІ
«Кемел келешек кілті -білімде» 10 сыныпта сынып сағаты өткізілді.
«Керек кәсіп бәрі де» 11 сынып жетекшісі оқушыларға мамандық туралы сынып сағатын өткізді. Кәсіптік бағдар бұрышы жасалып, оқушыларға таныстырылып отырылады. «Білімді мыңды жығады», «Білім биржасы» сынып сағаттары өткізілді.
Тәрбие жұмысы

КӨПМӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ- ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Қазақстан халқы Ассамблиясының 20 жылдығына орай қараша айында патриоттық ән байқауы өтті. 7ә сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен «Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатты өтті. 6-8 сыныптар арасында «Алтын күз-2016» байқауы өтті. Байқауда «Көктем аруы-2016» 7ә сынып қыздары иеленді. 7а сынып қыздары «Өнерлі арулар», 8а сынып өыздары «Шеберлі ару», 6а сынып қыздары «Ибалы өыздар» номинациясымен марапатталды. Мамыр айында «Қош бол бастауыш мектеп!» атты тақырыпба 4а,4ә сыныптар бастауышпен қоштасу кешін өтізді. 21 мамыр күні 11 сынып түлектеріне «Түлектермен қоштау -2016» атты мектеп бітірушілерге арналған кеш өткізілді.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ,САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ТӘРБИЕСІ
Желтоқсан айында ҚР –ның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Салауатты өмір салты уақыт талабы» онкүндігі аясында спорттық жарыс, «СПИД ғасыр дерті» тақырыбында үздік плакат байқауы болып өтті. «СПИД қауіпті дерт» тақырыбында мектеп медбикесі оқушыларға дәріс жүргізді. Күнделікті мектеп асханасының санитарлық жағдайын ексеріп, дайын тамақтың сапасы қадағаланып отырады. «Спорт біздің досымыз» тақырыбында денсаулық күні ұйымдастырылды. Мектепішілік жоспар бойынша футболдан, волейболдан , баскетболдан сыныпаралық жарыстар, көршілес мектптермен жолдастық кездесулер ұйымдастырылып отырылады. Мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен жұқпалы аурулардан жіне кенеден сақтану жайлы «Аурудың алдын алайық!» тақырыбында дәрістер оқылды. «Үйлесімді тамақтану -денсаулық кепілі» сурет байқауы болып өтті. Оқушылар арасында күзгі және көктемгі «Президенттік сынақтар» өткізілді. Мектепте оқушылар арасында психологиялық ахуалын анықтау мақсатында «Сенім» жәшігі, «Шұғыл бағыт» телефоны ұйымдастырылған.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы

МЕКТЕП, ОТБАСЫ ЖӘНЕ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР
«Мектепке жол» акциясы негізінде қамқорлық акциясы ұйымдастырылып, барлық оқушылардың мектепке қамтылуы, жағдайы төмен отбасыларды анықтап, есепке алу жұмыстары жүргізілді. Аз қамтылған отбасының 5 оқушысы, жартылай жетім 12 отбасының 18 оқушысы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5 отбасының 6 оқушысы, көп балалы отбасының 120 оқушысы бар. Қаңтар –ақпан айларында өткізілген «Жүрек жылуы» қамқорлық акциясында мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, ата-аналар, ұстаздар тарапынан жетім, аз қамтылған отбасының 10 балаларына 37000 мың теңге көлемінде киім, оқу құралдары алынып берілді. Міндетті оқу қорынан 1-4 сыныпта оқитын 23 оқушы міндетті оқу қорынан 10 оқушы жеке кәсіпкер есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жазғы сауықтыру лагерінде 15 оқушы дамалады. Мектеп оқушыларының сабаққа толық қатысуы күнделікті қадағаланып отырады. Қыздар, ұлдар жұмысының, «Жас Ұлан» ұйымының жоспары жасалынып,жұмыстары жүргізілуде. 1 мамыр күні 4 а,ә сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Д.Т. Дутбаева






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив