Ата-аналарға » Страница 2 » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналарды қолдау орталығы
19
январь
2026
Ата-аналарды қолдау орталығы
Ата-аналарды қолдау орталығы аясында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған тәрбиелік сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – отбасының қоғамдағы рөлін түсіндіру, бірлік пен татулықтың маңызын ашу, оқушыларды сыйластыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің тағылымды сөздері негізге алынып, отбасы тәрбиесінің маңыздылығы туралы ой қозғалды. Іс-шараны Байсбаева Н. өткізді. @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20
Ата-аналарды қолдау орталығы
16
январь
2026
Ата-аналарды қолдау орталығы
Ата-аналарды қолдау орталығы аясында «Жаман әдеттердің адам өміріне тигізетін зиянын түсіну, өмірлік дұрыс таңдау жасауға үйрету, жасөспірімдердің жауапкершілігін арттыру» тақырыбында мазмұнды сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің зиянды әдеттердің салдарын түсінуіне ықпал ету, саналы таңдау жасауға бағыт беру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сондай-ақ ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізу болды. Іс-шараны Алиева А. жүргізіп, қатысушыларға пайдалы ақпарат пен
«Заң және тәртіп»
15
январь
2026
«Заң және тәртіп»
«Заң және тәртіп» айлығы аясында жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен «Өз құқығыңды біл» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шараны мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Тоқтағазина және сынып жетекшілер ұйымдастырып, жүргізді. Кездесу барысында ата-аналарға: -кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, -ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, -жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді. Ата-аналар көкейіндегі сұрақтарын қойып,
«Ұстазға құрмет – отбасынан басталады»
05
декабрь
2025
«Ұстазға құрмет – отбасынан басталады»
«Ұстазға құрмет – отбасынан басталады» 10а сынып жетекшісі Мұхаметбай А. ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған педагогикалық орталық сабағы өтті. Сабақта ата-аналар мен ұстаздар бірге баланы дұрыс бағыттау, сыйластық пен құрметті тәрбиелеу жолдарын талқылады. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы бала тәрбиесінің маңызды құрамдас бөлігі екені ерекше атап өтілді. #ҰстазғаҚұрмет #ОтбасыТәрбиесі #АтаАнаМектепБайланысы #ПедагогикалықОрталық #Балатәрбиесі #МұғалімгеҚұрмет @zhetysu_bilim
«Есірткісіз болашақ»
19
ноябрь
2025
«Есірткісіз болашақ»
«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде» 8–9 сынып оқушыларына «Есірткісіз болашақ» тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті. Медбике Г.Есимбекова оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ашып көрсетті. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдарын талқылады. Мақсат — жастарды қауіпсіз, саналы, жарқын болашаққа бағыттау. #ЕсірткісізБолашақ #СалауаттыӨмірСалты
«Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты кездесу
19
ноябрь
2025
«Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты кездесу
«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» КММ 15–25 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күні аясында 1 «Ә» сынып жетекшісі Г.Тұрғанбек ата-аналармен «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты кездесу өткізді. Кездесу барысында ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, отбасының тәрбиедегі рөлі, балаға қолдау көрсету жолдары талқыланды. Мақсат: баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау, ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын нығайту, тәрбиеде бірлескен жауапкершілікті арттыру. #ДүниежүзілікБалаларКүні
тұмаудың алдын алу
12
ноябрь
2025
тұмаудың алдын алу
Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде” медбике Г.Есимбекова оқушыларымен тұмаудың алдын алу туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Оқушыларға: -Тұмаудың белгілері -Қалай сақтану керек - Жеке гигиенаның маңызы -Дұрыс тамақтану мен таза ауада жүрудің пайдасы жайында түсінікті тілмен ақпарат берілді. Оқушылар сұрақ қойып, пайдалы кеңестер алды. Мақсат — дені сау, жауапкершілікті ұрпақ қалыптастыру. #ДенісауБала #ТұмаудыңАлдынАлу #МектепМедбикесі @aksu_bilim_bolimi20 @zhetysu_bilim [media=    
«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»
24
октябрь
2025
«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарымен жиналысы өтті.Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың демалыс кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету,интернет кеңістігінде, көшеде және тұрмыста сақтық шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. [media=     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Ақсу Е.Жайсаңбаев Орта Мектебі (@aksuaudanesbolganzhaisanbaev) ] 
тұрмыстық жағдайын анықтау
21
октябрь
2025
тұрмыстық жағдайын анықтау
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің" тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог және әлеуметтік педагог оқушының тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында үйіне барып,тексеру жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында отбасының жалпы ахуалы, оқушының өмір сүру жағдайы мен тұрмыстық мүмкіндіктері қаралды. Акт толтырылып, тиісті ұсыныстар берілді. Бұл жұмыс – әр баланың әлеуметтік жағдайын бақылап, оған қажетті көмек көрсетуге бағытталған маңызды шара. #ТәрбиеЖұмысы #ОқушыҚамқорлығы