Іс-шаралар » Страница 2 » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жақсылық жасауға асығайық»
02
март
2026
«Жақсылық жасауға асығайық»
“Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі”- Ғали Орманов атындағы орта мектеп ұжымының жолдаған «Жақсылық жасауға асығайық» акция-челленджін қабыл алып, игі істі жалғастырамыз! Жақсылық — жүректен шығатын мейірім. Әрбір ізгі амал қоғамға жылулық сыйлап, бірлігімізді арттырады. Осындай мағыналы челленджді біз Б.Сырттанов атындағы орта мектебі ұжымына жолдаймыз! Ізгі эстафетаны қабыл алып, жақсылық керуенін бірге жалғастырайық!  #жақсылық_жасауға_асығайық #жүрекжылуы #тәрбиемектебі @g__ormanov__om 
Кітап сыйла акциясы
13
февраль
2026
Кітап сыйла акциясы
Мектебімізде өткен игі шара аясында 8 «А» сынып оқушысы Сағит Аслан және тарих пәні мұғалімі  Ф. Құрманғалиева мектеп кітапханасына кітап сыйлады. Бұл игі бастама – жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі іс. Кітапқа деген құрмет пен білімге деген сүйіспеншілік осындай жақсы қадамдардан басталады. @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20 [media=https://www.facebook.com/share/r/1BJBnQn2zS/]
«Қауіпсіз маршрут»
02
февраль
2026
«Қауіпсіз маршрут»
7 «Ә» сыныбында «Қауіпсіз маршрут» тақырыбында танымдық әрі тәрбиелік сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелері туралы білімін арттыру, қауіпсіз қозғалыс дағдыларын қалыптастыру және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға үйрету. Сабақ барысында қауіпсіз жүріп-тұру ережелері түсіндіріліп, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайлар талқыланды. Сабақты Рахимжанова Л.Т. өткізді. #ҚауіпсізМаршрут #ЖолҚауіпсіздігі #ТәрбиеСабағы #ӨмірҚауіпсіздігі @zhetysu_bilim 
«Жырлайды жүрек, сөйлейді Мұқағали” әдеби шара 1 Ә
02
февраль
2026
«Жырлайды жүрек, сөйлейді Мұқағали” әдеби шара 1 Ә
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Жырлайды жүрек, сөйлейді Мұқағали” әдеби шара 1 Ә сыныбы арасында өткізілді. Мкқсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Ұйымдастырушы:Г.Турганбек @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20
«Заң мен тәртіп»
27
январь
2026
«Заң мен тәртіп»
Бүгін 27.01.2026жыл “Е.Жайсаңбаев атындағы орьа мектебінде”  Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді. Мақсат — заңға құрмет, тәртіпке жауапкершілік, адал азамат қалыптастыру. #ЗаңМенТәртіп #ҚұқықтықСауаттылық #АдалАзамат #ТәртіпТірегі #МектепӨмірі #Тәрбие @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20
“Заң мен тәртіп”
23
январь
2026
“Заң мен тәртіп”
Мектебімізде “Заң мен тәртіп”айлық аясында маңызды кездесу өтті. Аксу АПБ-нің орынбасары полиция майоры Исаев Ермек Арысович және Ақсу АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Сегізбаев Нұргелді Замангелдіұлы оқушылармен кездесу өткізіп, «Буллингке, кибербуллингке және құқықбұзушылыққа – нөлдік төзімділік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің алдын алу
«Оқылмаған хаттар» фильмі
22
январь
2026
«Оқылмаған хаттар» фильмі
Мектебімізде тәрбиелік мәні зор «Оқылмаған хаттар» фильмі көрсетілді. Фильм барысында оқушылар адам тағдыры, кешірім, ата-ана мен бала арасындағы байланыс, айтылмай қалған сезімдердің маңызы туралы терең ойға қалды. Әрбір көрермен жүрекке жететін көріністер арқылы өмірдің қадірін, сөздің салмағын, уақыттың бағасын сезінді. @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20
«Заң мен тәртіпті сақта!»
21
январь
2026
«Заң мен тәртіпті сақта!»
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау және тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру мақсатында «Заң мен тәртіпті сақта!» атты қысқы спорттық ойын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар шаңғы тебу сайысына қатысып, өздерінің ептілігін, төзімділігін және спортқа деген қызығушылығын көрсетті. Спорт пен тәртіп – бір-бірімен тығыз байланысты екенін дәлелдеген бұл дода жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізген Дене шынықтыру пәні мұғалімі – А.Даулетхан #ҚұқықТәртіпАйы
“Әке – отбасының тірегі
21
январь
2026
“Әке – отбасының тірегі
21.01.2025ж “Әке – отбасының тірегі”-атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті Іс-шара барысында тренингтер мен ойындар ұйымдастырылып, әртүрлі мамандық иелері – әкелер өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайтып, отбасы құндылықтарының маңызын арттыруға бағытталды. Іс-шараға белсенді қатысқан барлық әкелерге алғыс білдіреміз! @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20[media=https://www.facebook.com/share/r/1JcXxscwBd/]
Ата-аналарды қолдау орталығы
19
январь
2026
Ата-аналарды қолдау орталығы
Ата-аналарды қолдау орталығы аясында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған тәрбиелік сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – отбасының қоғамдағы рөлін түсіндіру, бірлік пен татулықтың маңызын ашу, оқушыларды сыйластыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің тағылымды сөздері негізге алынып, отбасы тәрбиесінің маңыздылығы туралы ой қозғалды. Іс-шараны Байсбаева Н. өткізді. @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20