Материалы за Февраль 2026 года » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бракераж комиссиясы
27
февраль
2026
Бракераж комиссиясы
Бракераж комиссиясы бүгін ыстық тамақтың сапасын тексерді. Тамақтың температурасы, дәмі, сыртқы түрі және санитарлық талаптарға сәйкестігі тексерілді. Ақау анықталған жоқ @zhetysu_bilim  @aksu__bilim
3 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Болымды және болымсыз етістік»
25
февраль
2026
3 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Болымды және болымсыз етістік»
Апталық жоспарға сай  бастауыш сынып мұғалімі А.Егинбаева 3 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Болымды және болымсыз етістік» тақырыбында сабақ өткізді. Оқу мақсаттары: 3.4.2.3 – Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім) табу; 3.4.2.5 – Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау. Сабақ барысында оқушылар: -сөйлемдерден сөз таптарын анықтады; -болымды және болымсыз етістіктерді салыстырды; -түрлі тапсырмалар арқылы ережені меңгерді; - практикалық жұмыстар орындап,
“Жас маман – шығармашыл ұстаз»
24
февраль
2026
“Жас маман – шығармашыл ұстаз»
“Жас маман – шығармашыл ұстаз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында тәлімгерлер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер туралы ой қозғады. Жас мамандар атқарылған жұмыстар туралы баяндап, өз жетістіктері мен кәсіби ізденістерімен бөлісті. Кездесу барысында әдістемелік көмек көрсетіліп, шығармашылық қабілетті дамыту жолдары талқыланды. @aksu__bilim
“Білім бастауы – бастауышта”
23
февраль
2026
“Білім бастауы – бастауышта”
23.02 – 06.03 аралығы мектебімізде бастауыш сыныптар арасында “Білім бастауы – бастауышта” атты апталықтың шымылдығы ашылды. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу бағдарламасы бойынша алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. @aksu__bilim 
«10-ға дейінгі сандар»
23
февраль
2026
«10-ға дейінгі сандар»
Апталық жоспарға сай 0 «А» мектепалды даярлық тобында математика пәнінен «10-ға дейінгі сандар» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Балалар 10 көлеміндегі сандарды тану, атау және 10 көлемінде қарапайым қосу мен азайту амалдарын орындау дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында тәрбиеленушілер: -сандарды ретімен атап, санады; - логикалық тапсырмалар орындады; -қарапайым қосу және азайту амалдарын шешті; -ойын элементтері арқылы білімдерін бекітті. @aksu__bilim
Кітап сыйла акциясы
13
февраль
2026
Кітап сыйла акциясы
Мектебімізде өткен игі шара аясында 8 «А» сынып оқушысы Сағит Аслан және тарих пәні мұғалімі  Ф. Құрманғалиева мектеп кітапханасына кітап сыйлады. Бұл игі бастама – жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі іс. Кітапқа деген құрмет пен білімге деген сүйіспеншілік осындай жақсы қадамдардан басталады. @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20 [media=https://www.facebook.com/share/r/1BJBnQn2zS/]
«Қауіпсіз маршрут»
02
февраль
2026
«Қауіпсіз маршрут»
7 «Ә» сыныбында «Қауіпсіз маршрут» тақырыбында танымдық әрі тәрбиелік сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелері туралы білімін арттыру, қауіпсіз қозғалыс дағдыларын қалыптастыру және өз өміріне жауапкершілікпен қарауға үйрету. Сабақ барысында қауіпсіз жүріп-тұру ережелері түсіндіріліп, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайлар талқыланды. Сабақты Рахимжанова Л.Т. өткізді. #ҚауіпсізМаршрут #ЖолҚауіпсіздігі #ТәрбиеСабағы #ӨмірҚауіпсіздігі @zhetysu_bilim 
«Жырлайды жүрек, сөйлейді Мұқағали” әдеби шара 1 Ә
02
февраль
2026
«Жырлайды жүрек, сөйлейді Мұқағали” әдеби шара 1 Ә
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Жырлайды жүрек, сөйлейді Мұқағали” әдеби шара 1 Ә сыныбы арасында өткізілді. Мкқсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Ұйымдастырушы:Г.Турганбек @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20