16
февраль
2022
Ыстық тамақпен қамту
2022 жылдың қаңтар айынан жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан әлеуметтік жағдайларына қарай 60 оқушы мектеп асханасынан ыстық тамақ қамтылып жатыр. Шектеу шаралары кезінде ыстық тамақты ұйымдастыру Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысына сүйеніп және санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Тамақтанатын орындарда балалардың арасында қауіпсіз арақашықтық сақталып, бір мезетте барлық оқушылардың бірге тамақтануына жол берілмейді. Асхана іші ылғалды жиналып, есік тұтқалары, терезенің алды дезинфекцияланып отырады. Оқушылардың қолды жууына жағдай жасалады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.