15
октябрь
2020
2020-2021 оқу жылы мектепте ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
Аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасын қадағалау мақсатында комиссия құрылып, ыстық тамақтың сапасы күнделікті қадағалауға алынып, органолептикалық бақылау жүргізіліп отырды. Комиссия құрамында мектеп директоры К.Сыдыкова, әлеуметтік педагог А.Семизбаева, кәсіподақ кеңесінің төрайымы Б.Усенова, ата-аналар комитетінің төрайымы Н.Карибаева, мектеп медбикесі Г.Есимбекова, Ақсу аудандық тұтынушылар мен құқықтар басқармасының бас маманы С.Шуйнчибаев бар. Оқушылардың нақты тамақтану рационының перспективті мәзірге сәйкес болуы қадағаланды. Асхана блоктарында сапасы төмен, сақтау мерзімі өткен азық-түлік өнімдері анықталған жоқ. Оқушылар тамақтанатын ыдыс-аяқтардың тазалығына баса назар аударылып, комиссия мүшелерімен қатаң қадағаланды.
Сондай-ақ тамақтың сапасын тексеріп, перспективалық менюге сәйкестігін тексеру мақсатында ата-аналар мен Нұр Отан партиясының мүшесі шақырылды.
Мектебіміздің интернет-ресурсында «Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру» айдары ашылып, күнделікті ақпарат салынып отырады.