29
сентябрь
2023
«Алтын сақа» математикалық олимпиада
29.09.2023ж “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен “ Е.Жайсаңбаев орта мектебінде” 5-6 cыныптар арасындағы «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру.
Олимпиаданың тапсырмалары екі бөлімнен құралған. Берілетін уақыт — 60 минут. Қатысушы саны: 19 оқушы. Мектепішілік кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар аудандық кезеңге жолданады.