Алтын белгі » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2022

Алтын белгі

«Алтын белгіге» үміткерлер биылдан бастап «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында тапсырады. 

Қалған пәндер бойынша емтихандар әдеттегідей өз мектептерінде өтеді.

Шалғай елді мекендердің оқушылары НЗМ базасында емтихан тапсыру үшін көлікпен жеткізіліп, жауапты қызметкерлер оларды жолда алып жүреді.

Еске салайық, былтыр пандемияға қарамастан «Алтын белгі» иеленген  түлектер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Оның үстіне басқа аймақтармен салыстырғанда білім сапасы төмен Түркістан облысы көш бастады.

Сондай-ақ бұрын алдын ала өтініш бергендердің саны 10 мыңнан асса, қазір олардың саны 7 мыңға дейін азайған. 

Айта кетейік, былтыр мұғалімдердің тамыз кеңесінде «Алтын белгі» үміткерлеріне қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен күшейту туралы шешім қабылданған болатын.

Егер түлек немесе оның ата-анасы бір пәнді Назарбаев Зияткерлік мектебінде тапсырғысы келмесе «Алтын белгіден» бас тарту мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда ата-анасы өтініш жазып, оқушы 5 емтиханды да өз мектебінде тапсырады, егер барлық емтиханды 5-ке тапсырса, үздік аттестатқа ие болады.

 Еске салайық, «Алтын белгінің» болуы жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім грантын алуға құқық бермейді. Айрықша белгі иегерлері конкурсқа барлық үміткермен жалпы шарттар бойынша қатысады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив