18
январь
2023
қыздармен жұмыс
«Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 18 қаңтар күні 9-10-11 сынып қыздарына "Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары" атты тақырыпта қыздар жиналысы өткізілді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Бектибаева, педагог-ұйымдастырушы С.Темирханова, "Еркеназ" қыздар ұйымының жетекшісі Д.Жанабаева қыз бала бойындағы инабаттылық, сыпайылық, мейірімділік,сабырлылық, ақжарқындылық құнды қасиеттер екенін түсіндіріп, мағлұмат беріп өтті.
Оқушыларға "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы 26 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Бектибаева таныстырып өтті. Мектеп формасын сақтап жүруді айтты.
Мектеп медбикесі Г.Есимбекова қыздарға жеке бас гигиенасын сақтау туралы айтты.
Жиналыс соңында қыздар өзара пікір алмасып, ата бабаларымыз берген тәрбие мен қазіргі заман тәрбие айырмашылықтарымен ой бөлісті.
aksu_bilim_bolimi20
и ещё 2