18
февраль
2022
«Қыз тәрбиелей отырып-ұлт тәрбиелейміз» тақырыбында қыздар жиналысы




«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 17 ақпан күні 5-6-7-8-9-10-11сыныптың қыздарымен «Қыз тәрбиелей отырып-ұлт тәрбиелейміз» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналысты директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Бектибаева жүргізді. Мектебіміздің педагог-психологі оқушылармен тренинг өткізді. Жиналыстың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.