Тілдерді білу - заман талабы
Мектебімізде Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих апталығы бастауын алды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» – ақын Қадыр Мырза Әлінің сөзі. Алдымен, ана тіліне деген үлкен құрметтің қалыптасуы маңызды. Өз тіліңді сыйламау, түп-тамырыңды білмей, басқаны бағындырам деу - бекершілік. «Бір тіл білсең - бір адамсың, екі тіл білсең - екі адамсың». Көп тілді меңгергеннің білімі мен дүниетанымы да кеңейе түсетіні рас. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені