ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ кешенді оқу, жаттығулары » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2020

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ кешенді оқу, жаттығулары

Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сол сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.
Бүгін мектебімізде ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ кешенді оқу, жаттығулар өткізілді.Жер сiлкiнiсi кезінде кандай әрекет жасауды айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға ең бiрiншi маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуға қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаны жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Ұстаздарға алдымен балалар мен егде адамдардың қамын ойлау керектігі айтылды (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).
Ғимараттардан алысырақ ашық жерге барып, үзілген сымдардан абай болып, ғимараттарға кірмеуге.
ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН: сабырлылықты сақтап, зардап шеккендерге көмектесіп, радиоқабылдағышты қосып, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалап; аса қажеттіліксіз телефонды ұстамауға, зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеуге,жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киюге, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар деді. Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар: жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет. биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін. егер де жер сілкінісі түнде болса, шамды даярлап қою керек. төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек. • Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив