«Игі істер марафоны»
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын» атап өту мақсатында ҚР Президенті ұсынысымен республика көлемінде «Игі істер марафоны» өз бастауын алды. Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі ұжымы да шет қалмай осы акцияға барынша ат салысты. Осы акция аясында «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін