«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп кітапханашысы К.Балгабекова құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 6 сынып оқушыларымен «Жасөспірім және Заң» тақырыбында кездесу өткізді. Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.