Ақпарат » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2022

Ақпарат

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!

     "Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" КММ-де 2022 жылы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге,табиғатқа  саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертемін! 
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында: 
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу, 
- емтихан  кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін ескертемін!
 - мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен сыйлықтар беруге тыйым салу,
- бірыңғай мектеп формасын кию,
- соңғы қоңырауда көлікте серуендеу, 
- кафеде отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау  керек.
07.05.2022 ж, 09.05.2022ж. осы күндері  және де мереке қарсаңында  балаларымыздың өмір қауіпсіздігіне аса көңіл бөлуді сұранамын (серуенге, тауға бару, суда шомылу, улы жәндіктерден, жол ережесінен абай болу).
Сізбен біздің басты мақсатымыз ел болашағы балаларымыздың нағыз ұлтжанды азамат болып қалыптасуына дұрыс тәрбиемен білім беру!Үштік одақ (мектеп-оқушы-ата-ана) болып мектеп мәртебесін бірге көтерейік!!! «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сондықтан жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив