About school » Страница 7 » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
математика және информатика пәндері
18
November
2025
математика және информатика пәндері
18–26 қараша аралығында “Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде” математика және информатика пәндері бірлестігінің дәстүрлі онкүндігі өз бастауын алды. Онкүндіктің мақсаты — білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін күшейту. Алда оқушылар үшін танымдық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, логикалық марафондар және түрлі пәндік жарыстар ұйымдастырылады. @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20 [media=     Посмотреть эту публикацию в
«Қамқорлық және сүйіспеншілік: ата-ана және бала» психологиялық тренингі
17
November
2025
«Қамқорлық және сүйіспеншілік: ата-ана және бала» психологиялық
«Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде» Дүниежүзілік балалар күні аясында 1 «Б» сыныбы ата-аналарымен «Қамқорлық және сүйіспеншілік: ата-ана және бала» психологиялық тренингі өткізілді.  Шараны мектеп психологы Р.Толқынбаева жүргізіп, баланың қауіпсіздігі мен ата-ана және бала арасындағы эмоционалдық байланыс туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бастауыш сынып мұғалімі А.Жанысбекова ата-аналарға слайд арқылы пайдалы ақпарат ұсынып, қарым-қатынасты нығайтатын жаттығулар орындатты. Ата-аналар өз
«Бала тәрбиесінде әкенің рөлі»
14
November
2025
«Бала тәрбиесінде әкенің рөлі»
Республикалық Балаларды Қорғау күніне арналған кездесу “Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде”«Бала тәрбиесінде әкенің рөлі» -атты маңызды шара өткізілді. Бұл күн — балалардың құқығын қорғау, олардың қауіпсіз әрі бақытты өсуін қамтамасыз етуге арналған ерекше мереке. Шараның мақсаты — -Әке мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, -Баланың дамуына әкенің әсерін түсіндіру, -Отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Кездесуді бастауыш сынып мұғалімдері Елесбаева Г. және Жексенбинова А.
тұмаудың алдын алу
12
November
2025
тұмаудың алдын алу
Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде” медбике Г.Есимбекова оқушыларымен тұмаудың алдын алу туралы түсіндіру жұмысын жүргізді. Schoolchildren: -Тұмаудың белгілері -Қалай сақтану керек - Жеке гигиенаның маңызы -Дұрыс тамақтану мен таза ауада жүрудің пайдасы жайында түсінікті тілмен ақпарат берілді. Оқушылар сұрақ қойып, пайдалы кеңестер алды. Мақсат — дені сау, жауапкершілікті ұрпақ қалыптастыру. #ДенісауБала #ТұмаудыңАлдынАлу #МектепМедбикесі @aksu_bilim_bolimi20 @zhetysu_bilim [media=    
Республикалық олимпиада
07
November
2025
Республикалық олимпиада
Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен біздің Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары тамаша жетістіктерге жетті! Құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз әрдайым осылай жарқырап тұрсын! #Олимпиада  #Жетістік #Құттықтаймыз @zhetysu_bilim @aksu_bilim_bolimi20
"Жасыл ертегі» атты әдеби ертегілер мен әңгімелер челленджі
04
November
2025
"Жасыл ертегі» атты әдеби ертегілер мен әңгімелер челленджі
"Жасыл ертегі» атты әдеби ертегілер мен әңгімелер челленджі өтті! Мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға және сүйе білуге тәрбиелеу. Балалар өз шығармашылықтарын көрсетіп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ертегі мен әңгіме арқылы жеткізді [media=     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Ақсу Е.Жайсаңбаев Орта Мектебі (@aksuaudanesbolganzhaisanbaev) ]
XX-ші Халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль
03
November
2025
XX-ші Халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен XX-ші Халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында Қапал ауылдық округінің талантты оқушысы, Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің шәкірті Сәнуарқызы Назым «Вокал» номинациясы бойынша II дәрежелі лауреат атанып, дипломмен марапатталды! Бұл жетістік – жас өнерпаздың еңбегінің, талантының және өнерге деген сүйіспеншілігінің жемісі. Назымға бағыт-бағдар беріп, шабыт сыйлаған ұстазы Қайса
«Бұрымды қыз – 2025»
31
October
2025
«Бұрымды қыз – 2025»
31 қазан күні Қапал ауылдық округінің Мәдениет үйінде шын мәнінде жылы, шуақты әрі шабытқа толы «Бұрымды қыз – 2025» байқауы өтті Бұл күні зал күлкіге, сұлулыққа, ізгілікке және шынайы сезімдерге толды. Себебі сахнаға ең әдемі, талантты және нұрлы қыздар — Е.Жайсаңбаев, Ғ.Орманов атындағы мектептердің оқушылары мен Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері шықты. Байқаудың әр кезеңі — жүректен шыққан мереке іспетті болды: сәлемдесу, өнер көрсету, қазылар сұрақтарына жауап беру, үй
«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»
24
October
2025
«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарымен жиналысы өтті.Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың демалыс кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету,интернет кеңістігінде, көшеде және тұрмыста сақтық шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. [media=     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Ақсу Е.Жайсаңбаев Орта Мектебі (@aksuaudanesbolganzhaisanbaev) ] 
"Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында эссе
22
October
2025
"Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында эссе
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"-Республика күніне орай "Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және туған елмен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Қатысушылар өз жүрек жылуымен жазылған әсерлі ойларын ортаға салып,патриоттық рух пен елге деген махаббаттарын көрсетті.