«Отбасындағы зорлық – үнсіз қалма!»
«Отбасындағы зорлық – үнсіз қалма!» Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында 7ә сынып жетекшісі Л. Рахимжанова ұйымдастыруымен аналарға арналған ақпараттық жиналыс өтті. Аналарға заң аясындағы қорғау механизмдері, дағдарыс орталықтары мен жедел әрекет ету жолдары туралы маңызды ақпарат ұсынылды. Жиналыс барысында әр ана өз отбасының қауіпсіздігін қорғау жолдарын қарастырып, ашық диалогқа қатысты. Отбасы – махаббат пен сенімнің мекені. Зорлыққа жол жоқ! Үнсіз қалма! #ОтбасындағыЗорлық