сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
11
May
2023

сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет.
Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болMayды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрестің бұрынғы үлгілерін жетілдіруге тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдануда.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла дертпен күрескеніміз абзал. Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау тәрізді шаралар жатады.
Кітапханада оқырмандар назарына ұсынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмесін тамашалап, олар тақырып аясында өз ойларын жеткізді. Көрмеге қызығушылықпен қатысып, сыбайлас жемқорлыққа олардың өмірінде орын жоқ екендігін, сондай-ақ әрқашан таза білім алып, елінің адал да патриот азаматтары болатындығын жеткізді. Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына үлкен қатер тудыратындығы түсіндірілді. Бұдан соң кітап көрмесіне қойылған сыбайлас жемқорлыққа байланысты мақал- мәтелдерге назар аудара отырып, олардың дөп айтылғандығы тілге тиек етілді.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық адамның азаматтық борышы деп білуіміз керек.
Мектеп кітапханашысы Қ. Балғабекова
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" кітап көрмесі ұйымдастырды
@aksu_bilim_bolimi20








и ещё 2

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив