26
февраль
2020
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Мектебімізде Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 21-бабы 1-тармағының 1.1тарауына сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары тарапынан бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында жиын өтті. Ақсу ауданы білім бөлімі әдіскері М.Л. Сағадиев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша баяндама оқып, жалпы ата-аналар мен мектеп ұжымына түсіндірме жұмысын жүргізді. Ата-аналар мен мектеп ұжымы, қамқоршылық кеңестің мүшелері өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында мектеп директоры Сыдыкова К.М. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деп қорытындылап өтті.









