14
April
2023
Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі.
Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Бүгінде игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жоMarch жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Солардың бірі – ауылымыздың тұрғыны, осы уақытқа дейін көмекке мұқтаж жандардың қажетін өтеу мақсатында мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп келе жатқан Нұрбақыт Жайнар болып табылады. Осы жолы да өзіндегі бар жақсылықты, бақытты өзгемен шынайы бөлісе отырып демеушіміз Нұрбақыт Жайнар мектебіміздің даңқын көтеріп, мәртебесін арттырып жүрген спортшы оқушыларымызға арнайы спорттық киімдерді сыйға тартты. Мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Г.Елесбаева ауылымыздың осындай белсенді, жүректері мейірімге толы жастарын қолдау әрі алғыс білдіру мақсатында алғыс хатпен марапаттады.
@aksu_bilim_bolimi20