«Қамқор ана, қайырымды бала, мейірімді қоғам»
Концерт барасында оқушылар өлең айтып, би билеп, Ұлы дала ұрпағы Республикалық байқауында бас жүлдені ұтып алып, Дарынды шәкірт төсбелгісімен марапатталған және Өзбекстан Республикасына жолдама алған шәкірттеріміз Байқожа Ерасыл мен Байқожа Нұрасыл өнерлерін көрсетті.
Қамқорлық – көмек қажет ететін жандарға білдірілетін сүйіспеншілік пен көмек. Бұл ізгіліктің белгісі. Қамқорлық жасаушы адамның жүрегі кең, пейілі таза болады. Қамқорлық адамның өзгелерге деген ыстық ықыласын білдіреді. Әрдайым бір-бірімізге көмектесіп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын соза білейк деген мақсатпен, «Мейірімділік алақан» жәшігі қойылды.
Акцияға келіп қатысқан қонақтар мен ата-аналарға арнап оқушылар қолымен жасалынған бұйымдардан және кітап көрмесі жасалынып, қойылды.
Концерт соңында Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Темирханова жиналыс жасап, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, талдап өтті. Мектеп медбикесі Г.Есимбекова қазіргі күні үлкен проблемаға айналып отырған коронавирус туралы баяндамасын оқып, оның белгілерін және алдын алу жолдарын айтып өтті.