21
November
2019
"Мейірімді алақан" акциясы
Мектебімізде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығын, Қазақстан Республикасының ратификациялауының 25 жылдығын атап өту мақсатында "Мейірімді алақан" акциясы бастауын алды. Акцияның негізгі мақсаты - жағдайына демеу беруін күтетін жандарға, ата-ана қамқорлығынан қалған балаларға көмек ету, ізгі ниетпен қолдау. Қайырымдылық – ең тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе,-дегендей әрқашан көмек қолын созғанға игі ісімізді көрсетсек нұр үстіне нұр болады. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жоMarchтық, кең пейілділік, қайырымдылық. ЖоMarch болу, қайырымды болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.