13
June
2023
қауіпсіздік ережелері
Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі суға түсу, жолда жүру туралы қауіпсіздік ережесі
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
— Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
— Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
— Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар
Жолда журу қауіпсіздік ережесі
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болMayды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
Демалыстарыңыз қызықты әрі көңілді өтсін!