ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ. » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
14
December
2023

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ.

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ.
Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа
адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
- Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп,
жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан құлау ең қауіпті болып табылады,
себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел
жәрдем қызметіне хабарласу қажет.
Естеріңізде болсын: әдетте мұз сүңгілері су жиналған жерде пайда
болады, сол себепті үйлердің фасадын айналып өту керек.
Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және мүмкіндігінше ғимараттардың
қабырғаларына жақын жүрмеңіз.
Егер тротуарда жүрген кезде жоғарыдан күмәнді дыбыстар шықса,
жоғары қарап, не екенін тексерудің қажеті жоқ. Ол жылжыған қар
немесе мұз кесегі болуы мүмкін. Ғимараттан алыс қашуға да болMayды.
Қабырғаға тезірек сүйеніп, шатырдың шетін қалқа ретінде қолдану керек.
Үнемі қоршалған жер телімдеріне мән беріп, қауіпті жерлерге кіруден
бас тартыңыз.
Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде:
автобустың артынан айналып өту;
балаларды өз жаныңнан жібермеу;
бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу;
жолдан өтер кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау;
жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта жол шетінде тұрмау;
автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңмен бұрылмау;
көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.
Мұз үстіне жалғыз шықпаңыз!
Мұздың қалыңдығын аяғыңызбен тексермеңіз!
Қауіпті кезде ұқыпты, абай болыңыз!







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив