05
August
2025
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Құрметті ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, мекеме басшылары мен жүрегі кең азаматтар!
2025 жылдың 1–30 тамыз аралығында елімізде дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды!
Бұл акцияның мақсаты – жаңа оқу жылында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және қамқорлықты қажет ететін отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке дайындалуға көмек көрсету.
Балаға қуаныш сыйлау – үлкен сауап. Бірге қол ұшын созайық!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Әлеуметтік педагог
@zhetysu_bilim
@aksu_bilim_bolimi20
@kapalakimdigi