02
August
2023
"Мектепке жол
Құрметті Жетісу облысы Ақсу ауданы, Қапал ауылының тұрғындары, мектеп түлектері, шаруа қожалығының иелері мен кәсіпкерлер. 2023-2024 оқу жылының қарсаңында, аз қамтылған, жартылай жетім және көп балалы отбасыларыңа көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған "Мектепке жол" Республикалық акцияның басталуын жариялаймыз. Мектебіміздегі түрлі әлеуметтік топтағы отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көрсетуге атсалысамын деген азаматтар болса хабарласуыңызды сұраймыз.