07
November
2019
Баланы түзету жұмысына ынталандыру, зейін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту
Логопедтің мектепте жүргізетін негізгі міндеті - тіл бұзылысы бар оқушыларды анықтап, оқушының жеке-дара ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып, жағымды психофизиологиялық жағдайда жан-жақты түзету жұмысын жүргізу. Логопедтің негізгі мақсаты - тілінің даму деңгейі жас ерекшелігіне сай келе ме, тілінің даму деңгейін, кемшіліктерін анықтау және соған сай жұмыс істеу. Мектебіміздің логопеді А.Байшалов пен дефектолог А.Асылбай ауызша және жазбаша сөйлеуде бұзушылығы бар оқушыларға арнайы коррекциялық сабақтар өткізеді. Қазіргі таңда мектебімізден сөйлеуінде бұзушылығы бар 7 оқушы тіркелді. Parents жеке қабылдау өткізіп, консультациялар беріліп тұрады.



















