16
October
2019
Мектепішілік Қуат Терібаев оқуы
2019 жылдың 15 қазанында Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде Қуат Терібаев оқуы ұйымдастырылып өткізілді. Қуат Терібаев оқуларының басты мақсаты мен міндеттері: - әдебиет әлемінде есімі ерекше аталатын, қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше орны бар тұлғалардың бірі Қуат Терібаевтың шығармаларын көпшілік арасында кеңінен насихаттау және дәріптеу; - сондай-ақ ақынның шығармалары негізінде оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын артыру; - жастардың ой–өрісін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу; - рухани тәлім-тәрбие бере отырып, олардың шығармашылық дарындылығын анықтау және қолдау көрсету. Қуат Терібаев оқуына 3-8 сынып оқушылары қатысты.