Материалы за February 2020 года » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Өзін өзі тану сабағы  "Менi қоршаған әлем"
28
февраль
2020
Өзін өзі тану сабағы "Менi қоршаған әлем"
Өзін өзі тану "Менi қоршаған әлем" Топтық жұмыс- жоба -Табиғатты қалай қорғаймыз?
Жігіт сұлтаны
28
февраль
2020
Жігіт сұлтаны
Тәрбие сағаты (Сайыс). Тақырыбы: Жігіт сұлтаны 2Ә сынып Мақсаты: Ұл балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді өнерді, білімді сыртқа шығару. Оқушыны сахнада өзін мәдениетті ұстауға үйрету. Өзара мәдениетті сөйлесуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету. Өткiген ұстаз: Исаева А.
Қызықты физика сабағы
28
февраль
2020
Қызықты физика сабағы
Физика сабағында зертханалық жұмыстар жүргізілуде, пән мұғалімі Р.Керейбаева
"Жігіт сұлтаны" байқауы
27
февраль
2020
"Жігіт сұлтаны" байқауы
Мектебімізде жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылып, өтті. «Жігіт сұлтаны» байқауының үміткерлері 6 ұл бала қатысты Мақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету. Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
"Best дене шынықтыру пәні мұғалімі" байқауы
27
февраль
2020
"Best дене шынықтыру пәні мұғалімі" байқауы
Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі базасында аудандық "Best дене шынықтыру пәні мұғалімі" байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты аудан мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ұстаздардың бір бірімен тәжірибе алмастыру мақсатында болды. Дене тәрбиесі мұғалімдері оқушыларды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттап, үздік сабақтар көрсетті. Мектебімізден дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбеков Сәкен Сауытбекович қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
26
февраль
2020
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Мектебімізде  Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 21-бабы 1-тармағының 1.1тарауына сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары тарапынан бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында жиын өтті. Ақсу ауданы білім бөлімі әдіскері М.Л. Сағадиев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша баяндама оқып, жалпы ата-аналар мен мектеп ұжымына түсіндірме жұмысын
«Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасы
25
февраль
2020
«Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты»
"Қазақстан-мейірімділік мекені" акциясы аясында ұйымдастырылған "Ризашылық мейірімділік бұлағы" алғыс айту жәшігі
"Ризашылық - мейрiмдiлiк бұлағы" жалпыұлттық мәдени - бiлiм беру жобасы
24
февраль
2020
"Ризашылық - мейрiмдiлiк бұлағы" жалпыұлттық мәдени - бiлiм беру
"Ризашылық - мейрiмдiлiк бұлағы" жалпыұлттық мәдени - бiлiм беру жобасы аясында "Алғыс айту парызым"атты челендежер ұйымдастырылды.  мақсаты: Төлеранттылықты тәрбиелеу және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың ,оның iшiнде жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың,ерекше бiлiм беру қажеттіліктерді бар балалар бойында рухани адамгершілікті дамыту. 
"Автобуста өзіңді ұстау білесіңбе?"
24
февраль
2020
"Автобуста өзіңді ұстау білесіңбе?"
2020 жыл Қаңтар-мамыр  аралығында  өтетін «Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасы  негізінде  "Автобуста өзіңді ұстау білесіңбе?" түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұстаз: Байшалов А.
«Зергерлік бұйымдар сыры»
21
февраль
2020
«Зергерлік бұйымдар сыры»
 21 ақпанда Ақын Сараның мемориалды музейінде «Зергерлік бұйымдар сыры» атты көрмені  мектебіміздің оқушылары тамашалады. Көрмеге күмістен жасалып әртүрлі тастармен безендірілген кемер белдік, алқа, сақина, сырға, білезік және тағы басқа да қазақ ұлттық, сондай-ақ, заманауи стильдегі жасалған зергерлік әшекейлер қойылды. Көрме оқушылардың қызығушылықтарын арттырып көңілдерінен шықты.