19
октябрь
2023
ыстық тамақ
"Ас адамның арқауы" дегендей балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының мықты болуы кез-келген қоғам үшін маңызды. Бүгінгі жас ұрпақ - еліміздің ертеңгі болашығы. Адам баласының денсаулығы көбіне әр адамның ұстанатын өмір қағидасы мен ішіп-жеген тағамдарына тікелей қатысты. Күн санап өсіп отыратын жас ағза ішіп-жеген тағамдарымыздың өзіне қажетті элементтерді іздейді.Ағзаның дұрыс дамып жетілуі үшін қажетті қоректер жетіспесе еліміздің ертеңгі жас ұрпағымыздың дамуына кері әсерін тигізеді. Сол себепті, біз оқушылардың дұрыс тамақтануы мәселесіне айрықша көңіл аударып, дұрыс жолға қоюымыз керек.