17
апрель
2023
«Бұрымды қыз-2023»
17.02.2023 жылы zoom арқылы онлайн аудандық «Бұрымды қыз-2023» бұрымды қыздар арасында байқау өтті.
Байқауға шашының ұзындығы 65 см-ден асатын оқушы қыздар қатысты.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
1.1.Байқау оқушы қыздардың ұлттық тәрбиені нақыштау, творчествалық потенциалын көтеру, танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, икемділігін, сөйлеу мәдениетін, сөйлеу шеберлігін, тартымдылығын дамыта отырып өнерге баулу, сахнада өзін ұстау қабілеттерін қалыптастыру;
1.2.Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыра отыра ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру және үлгі ету;
1.3.Байқау арқылы ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру;
1.4.Жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалануға бағыт беру.
Байқауға мектебіміздің 8 "Ә" сынып оқушысы Бақытжанқызы Нұрдана қатысып, байқауға қатысқан 7 мектеп ішінде I орын иеленді.
Құттықтаймыз!!!
@aksu_bilim_bolimi20