01
апрель
2024
“Әдет ғұрып” және «Дін және жастар»
5 сәүір күні Мәдениет үйінде Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Ә.Ашимованың ұйымдастыруымен және ауыл имамы Е.Ордабаев, Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы В.Чепель, ақсақалдар алқасының төрағасы Оразбеков Амантай атамыздың қатысуымен Ғ.Орманов және Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушыларымен “Әдет ғұрып” және «Дін және жастар» тақырыптарда кездесу өтті. Мақсаты: экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы əрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, алдын алу шараларын жүргізу. Шара барысында ақсақалдар алқасының төрағасы Оразбеков Амантай мен ауыл имамы Ордабаев Ерлан жастармен ашық сұхбат жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. В.Чепель «Патриоттық сезімдерін жігерлендіру мақсатында» және «Құқық бұзушылықтын алдын алу»оның ішінде түнгі уақытта жастардың көшеде жүрмеуі, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелерге қатысу және үлгілі жастар болу керектігі жөнінде айтып өтті.
@zhetysu_kdn
@zhetysu_kdn