Құрметті ата-аналар!
1- сыныпқа оқушыларды қабылдау 31 шілде күні аяқталатынын естеріңізге саламыз. Санаулы күндер қалғандықтан 1- сыныпқа балаларыңызды беру туралы шешім қабылдап, аталған уақыттан кешігіп қалмауларыңызды сұраймыз.

Еліміз бойынша 1- сыныпқа оқушыларды қабылдау 1 сәуірден жүріп жатыр.

Құрметті болашақ бірінші сынып ата-аналары 31 шілде 1-сыныпқа құжаттарды қабылдаудың соңғы күні екенін тағы да ескертеміз.

1- сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы ақпарат назарларыңыз үшін төменде


1 - сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?

Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)

Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)

Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)

Егу паспорты (065/у нысаны)

Баланың суреті (3*4 өлшемді)