Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебі 2024-2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мерекелер мен мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптар мен ережелерді назарларыңызға ұсынады:

ЕРЕЖЕ:

Сыйлық немесе ақшалай алғыс айту ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.

Іс-шара кезінде оқушылардың рұқсатсыз мектептен шығуына қатаң тыйым салынады.

Сынып жетекшілері әр оқушының қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен байланыста болады.

Іс -шара барысында артық дыбысты музыка, фейерверк, салют, дрон қолдануға болмайды.

Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер (дауыс көтеру,рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) жол берілмейді.

Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет ( фото/видео, киім, декор т.б.) алдымен мектеп әкімшілігімен келісуі тиіс.

4 және 9 -сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау.

Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру.

Преподавателиге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру.

Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау.

Мейрамхана, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыруы.

Сынып ішінде дастархан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету.

ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:

”Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады;

Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;

Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті бақылайды;

Қатысушылар мектеп формасын киюі тиіс;

Іс -шаралар тек мектеп аумағында және бекітілген тәртіп бойынша өткізіледі.
Сұрақтар бойынша ДТІЖО Б. Тоқтағазина,
тел 87767361562
ІЗГІ НИЕТПЕН: Мектеп директоры Дана Телжанқызы!