17
октябрь
2023
ыстық тамақ
Балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.
Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Қазіргі таңда мектеп асханасында білім алушылардың бір мезгіл тамақтануы барлық санитарлық талаптарына сай жұмыс жүргізілуде. Объектіге кіреберісте ортақ пайдаланылатын орындарда қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар, қол кептіргіштер қойылған.
Отыратын орындар жеткілікті.
Мектеп әкімшілігінен, ата-аналар, "Қамқоршылық" , кәсіподақ қоғамдық кеңесінің мүшелерінен құралған бракераждық комиссия күн сайын жеткізілген өнімдердің, шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалануды журналға тіркеп, бақылауға алынған.