19
апрель
2023
«Ақын Сара – айтыстың ақтаңгері» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы
Бүгін 19.04.2023ж Ақын Сара мемориалды мұражай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Сара Тастанбекқызының туғанына 170 жыл толуына арналған «Ақын Сара – айтыстың ақтаңгері» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып өткізді.
Мүшәйраның мақсаты: Ұлттық өнерімізбен ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, Ақын Сара Тастанбекқызының есімін кеңінен насихаттау. Ұлы тұлғаларымыз туралы білімдерін шыңдап, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіру. Жазба ақындардың талантын ашып, шығармашылыққа шабыт беру.
Өткізілу тәртібі:
1-кезең: Қатысуышлар ақын Сараның «Шымылдық» өлеңін жатқа, мәнерлеп оқып береді.
2-кезең: Сара Тастанбекқызына арнап арнау шығару.
3-кезең: Өлеңнің ұйқасы мен мазмұнын сақтай отырып, берілген тақырыптарға өлең шығару. (10-15 минут уақыт беріледі).
4-кезең: Ақын Сара мен Біржан Салдың өмір жолы мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беру болды
Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебі бойынша оқушылар қатысып жүлделі орын иеленді
Атап айтсақ:
1.Бас жүлде-Қадырбек Ұлжалғас
2. І-орын Нұрданбек Абылайхан
3. Арнайы жүлде Жұмабай Үміт марапатталды
@aksu_bilim_bolimi20
и ещё 6