09
февраль
2023
Мұқағали Мақатаев
Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-8 сыныптар арасында музыка пәнінің мұғалімі Б.Досжановтың ұйымдастыруымен "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған ән байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - ақын Мұқағали Мақатаевтың қуатты да көркем шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу.
Байқауға 11 оқушы қатынасып, бақтарын сынады. Жүлделі орын алған оқушылар дипломмен марапатталды.
Бас жүлдені 8 "Ә" сынып оқушысы Бақытжанқызы Нұрдана иеленді.
aksu_bilim_bolimi20
и ещё 25
Нравится
Комментировать
Поделиться