Біз туралы » Страница 9 » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Пластилин»
20
октябрь
2025
«Пластилин»
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Пластилин» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме барысында балалар түрлі мүсіндер жасап, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және әсемдікке баулынады Үйірме жетекшісі – А. Саутқали  #ПластилинҮйірмесі  #Шығармашылық  #БейнелеуӨнері  #БалаларШығармашылығы  #Тәрбиежұмысы  @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20[media=https://www.facebook.com/share/r/1bBJxPFc8Q/] 
теолог маманмен кездесу
17
октябрь
2025
теолог маманмен кездесу
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде" оқушылардың діни сауаттылығын арттыру,зайырлы қоғам құндылықтарын түсіндіру мақсатында теолог маманмен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға дін мен дәстүрдің өзара байланысы,зайырлы қоғамдағы адамның орны, сондай-ақ радикалды көзқарастардан сақтану тақырыптарында маңызды ақпараттар берілді.  Іс-шара оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыруға және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруға бағытталды.  #ТеологпенКездесу  #РуханиТәрбие 
мекп парламентін сайлау
17
октябрь
2025
мекп парламентін сайлау
Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде бүгін Мектеп парламенті президентін сайлау сәтті өтті!  Бұл күні әрбір оқушы өз дауысын беріп, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Сайлау — мектеп өміріндегі маңызды демократиялық қадам, оқушылардың жауапкершілігін арттыру мен көшбасшылық қабілеттерін танытудың тамаша мүмкіндігі болды.  Барлық үміткерлерге белсенділік пен бастамашылдығы үшін алғыс білдіреміз! Нәтижелер жақында жарияланады! #МектепПарламенті  #ПрезидентСайлауы  #ЖасКөшбасшы  і
"Шахмат" үйірмесі
16
октябрь
2025
"Шахмат" үйірмесі
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,шыдамдылық пен зейінді арттыру мақсатында "Шахмат" үйірмесі жұмыс істейді.     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Ақсу Е.Жайсаңбаев Орта Мектебі (@aksuaudanesbolganzhaisanbaev) ]Үйірме жетекшісі – С.Жасболат.
Жетістікке жеткен команда
15
октябрь
2025
Жетістікке жеткен команда
«Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің» 7–8 сынып қыздар командасы аймақтық волейбол жарысында І орын иеленді!  Жаттықтырушысы — Е. Уазим. Жетістікке жеткен команда мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз!  Биіктен көріне беріңдер, жас спортшылар!  #Жеңіс  #Волейбол   #СпортЖолы  #СалауаттыӨмірСалты @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20
күзгі асар көрмесі
13
октябрь
2025
күзгі асар көрмесі
«Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде» 2–7 сыныптар арасында дәстүрлі «Күзгі асар» қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, табиғи материалдардан дайындалған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу және табиғатты аялауға тәрбиелеу.  Әр бұйымда — еңбектің, ынта мен ізденістің ізі бар! Іс-шараны педагог-ұйымдастырушы С.Темирхановна ұйымдастырды. #КүзгіАсар  #ҚолөнерКөрмесі  @zhetysu_bilim 
Мектеп парламенті президентін сайлау науқаны
13
октябрь
2025
Мектеп парламенті президентін сайлау науқаны
    Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде Мектеп парламенті президентін сайлау науқаны басталды!  Бұл — оқушылардың өз көшбасшысын таңдайтын ерекше әрі жауапты сәт! Президенттікке үміткерлер өз бағдарламаларымен таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға арналған идеяларын ұсынуда.  Дауыс беріп, өз таңдауыңды жаса! Болашақ мектеп президенті — сенің дауысыңмен анықталады!  #МектепПарламенті  #ЖасКөшбасшы  #Сайлау2025 @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
11
октябрь
2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің ұжымы 11 қазан күні өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты. Мектеп ұжымы оқу орнының аумағын тазалап,  ретке келтірді. Мақсат – таза әрі көрікті орта қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дәріптеу. Тазалық – тәртіп пен жауапкершіліктің айнасы!  #ТазаҚазақстан  #ЭкологиялықМәдениет  @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20  @kapalakimdigi
«Жемқорлықсыз әлем» тақырыбында сурет байқауы
10
октябрь
2025
«Жемқорлықсыз әлем» тақырыбында сурет байқауы
«Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде» «Адал ұрпақ» ерікті мектебі клубының жоспары негізінде «Жемқорлықсыз әлем» тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — оқушыларды адалдыққа, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараны ұйымдастырған педагог-ұйымдастырушы С. Темирханова. Адал ұрпақ – жарқын болашақ кепілі! #АдалҰрпақ #ЖемқорлықсызӘлем #СуретБайқауы #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы @zhetysu_bilim @aksu_bilim_bolimi20  [media=    
«Таза бейсенбі» күні
09
октябрь
2025
«Таза бейсенбі» күні
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде" кіші қызметкерлердің қатысуымен «Таза бейсенбі» күні өткізілді. Мектеп ауласы мен айналасы тазаланып, көркейту жұмыстары жүргізілді. Кіші қызметкерлердің еңбегі – мектеп тазалығы мен тәртібінің кепілі.  #ТазаҚазақстан  #ТазаБейсенбі  #КішіҚызметкерлер #ЕңбекҚұрмет @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20