№ 472 бұйрық » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2021

№ 472 бұйрық


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қыркүйекте № 24429 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

       1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:


       1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары бекітілсін.";

       осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


       5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48 және 49-қосымшалар алынып тасталсын.

       2. "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:


       1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов



















Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі

      Құжаттарды педагогтер қағаз немесе (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда) электрондық форматында толтырады. Электрондық форматта толтыратын жағдайда қағаз нұсқа талап етілмейді.

      Электрондық цифрлық қол электрондық жүйеге қосылған және құжаттар электрондық форматта жүргізілген жағдайда, мөр мен қолға теңестіріледі.

      Барлық оқу пәндерінің педагогтері:

      күн сайын, сабақ кестесіне сәйкес:

      1) 1-4 сыныптарға арналған cынып журналын, 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналын, факультативтік сабақтар, үйде оқыту журналын, мектепалды сыныптардың журналын (қағаз немесе электрондық форматта);

      2) қысқа мерзімді (сабақ) жоспарды (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізеді.

      оқу жылы басталғанға дейін бір рет:

      1) пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарды (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);

      2) тәлімгерлік жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.

тоқсандық қорытындысы бойынша:

 автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын және бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдауды жүргізеді (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);

 оқу жылының қорытындысы бойынша бір рет:

 9 (10), 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);

 

2. Сынып жетекшісі:

 оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:

 сынып жеткшісінің жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді және іске асырады;

 тоқсандық және оқу жылының қорытындысы бойынша:

 1) 1-4 сынып білім алушысының үлгерім табелін, 5-11 (12) сынып білім алушысының үлгерім табелін (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);

 2) білім алушының жеке іс қағазын (қағаз немесе электрондық форматында) жүргізеді.


Сынып жетекшісінің жұмыс жоспары

Іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Аяқтау нысандары

1

Орта білім беру ұйымының оқу- тәрбие жұмысы жоспарының негізінде сынып тәрбие жұмысының жоспарын жасау (тәрбие жоспарының нысанын мектеп сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі айқындайды)

Оқу жылы басталғанға дейін

Жоспар (қағаз немесе электрондық форматта)

2

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен нысан бойынша Сыныптың әлеуметтік паспортын жасау

Қыркүйек

Әлеуметтік паспорт (қағаз немесе электрондық форматта)

3

Сыныптағы білім алушыларға педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, дене зерттеулерін жүргізу

Қажеттілігіне қарай, оқу жылының ішінде

Талдау материалдары (қағаз немесе электрондық форматта)

4

Ата-аналармен жұмыс

Қажеттілігіне қарай, оқу жылының ішінде

Ата-аналар жиналыстарының хаттамалары (қағаз немесе электрондық форматта)

5

Балалармен тәрбие іс-шараларын өткізу

Қажеттілігіне қарай, оқу жылының ішінде

Іс- шаралардың материалдары (қағаз немесе электрондық форматта)

6

Әдістемелік жұмыс жүргізу

Қажеттілігіне қарай, оқу жылының ішінде

Әдістемелік жұмыс материалдары (қағаз немесе электрондық форматта)

7

Тәрбие жұмысын талдау

Қажеттілігіне қарай, оқу жылының ішінде

Талдау (қағаз немесе электрондық форматта)

8

Сынып журналын жүргізу

Ұдайы

Сынып журналы (қағаз немесе электрондық форматта)


Тәлімгерлік жоспарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20486 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақы алатын педагог толтырады.

Тәлімгерлік жоспары ___________ оқу жылы
 Жас маман туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


 
 

Білімі


 
 

Қандай оқу орнын қашан бітірді


 
 

Педагогикалық практика қорытындысы


 
 

Лауазымы


 
 

Жас педагогтің жұмыс істейтін сыныптары


 
 

Сынып жетекшілігі


 
 

 Тәлімгерлікті іске асыратын педагог туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


 
 

Білімі


 
 

Қандай оқу орнын қашан бітірді


 
 

Дипломы бойынша мамандығы


 
 

Педагогикалық өтілі


 
 

Лауазымы


 
 

Тәлімгер жұмыс істейтін сыныптар


 
 

Біліктілік санаты


 
 

Жұмыс мақсаты


 
 

Міндеттері


 
 

Жұмыстың негізгі бағыттары

-жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттамамен жұмыс;
 -мектеп құжаттамасымен жұмыс істеуге көмек;
 -жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;
 -оқу сабақтарын ұйымдастыруға көмек;
 -диагностикалық жұмыстар жасауға және талдауға көмек;
 -өзара сабаққа қатысу.

Қорытынды

Жас маманның педагогикалық қызметін бағалау. Жүргізілген жұмыс туралы бірлескен есеп

 Тәлімгерлікті іске асыратын педагогтің қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және оның мазмұны бойынша іс-шаралар

Қызмет мазмұны

Жұмыс нысаны

Мерзімі


 
 


 
 


 
 


 
 


Нысан 











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив