Іс-шаралар » Страница 5 » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас эколог»
20
октябрь
2025
«Жас эколог»
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің"-«Жас эколог» үйірмесінің оқушылары туған өлке табиғатын танып-білу мақсатында Қапал ауылдық орман шаруашылығына саяхат жасады. Саяхат барысында балаларға Қапал ауылының табиғаты мен тарихы, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы қызықты мәліметтер айтылды. Бұл саяхат оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Саяхатты биология пәні мұғалімі А. Мұхаметбай ұйымдастырды.
сыны сағаты
20
октябрь
2025
сыны сағаты
25 қазан – Республика күніне орай бастауыш сыныпта танымдық сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру және патриоттық сезімді қалыптастыру болды.  Балалар еліміздің өткені мен бүгіні жайлы әңгімелеп, өз ойларын ортаға салды. Туған жер мен тәуелсіздіктің қадірін ұғынуға мүмкіндік алды.  Сынып сағатын бастауыш сынып мұғалімі Қ. Орынбекова өткізді.  #РеспубликаКүні  #СыныпСағаты  #МеніңЕлімҚазақстан
сынып сағаты
20
октябрь
2025
сынып сағаты
25 қазан – Республика күніне орай танымдық сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға ұлттық мерекенің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және тәуелсіз ел азаматы екенін сезіндіру.  Оқушылар еліміздің өткені мен бүгіні жайлы мәліметтермен танысып, туған жердің тарихы мен тәуелсіздіктің қадірін ұғынды.  Сынып сағатын бастауыш сынып мұғалімі А. Жексімбинова өткізді.  #РеспубликаКүні  #МеніңЕлімҚазақстан  #СыныпСағаты  #ТәуелсізҚазақстан  #ОтанСүю 
«Пластилин»
20
октябрь
2025
«Пластилин»
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Пластилин» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме барысында балалар түрлі мүсіндер жасап, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және әсемдікке баулынады Үйірме жетекшісі – А. Саутқали  #ПластилинҮйірмесі  #Шығармашылық  #БейнелеуӨнері  #БалаларШығармашылығы  #Тәрбиежұмысы  @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20[media=https://www.facebook.com/share/r/1bBJxPFc8Q/] 
теолог маманмен кездесу
17
октябрь
2025
теолог маманмен кездесу
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде" оқушылардың діни сауаттылығын арттыру,зайырлы қоғам құндылықтарын түсіндіру мақсатында теолог маманмен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға дін мен дәстүрдің өзара байланысы,зайырлы қоғамдағы адамның орны, сондай-ақ радикалды көзқарастардан сақтану тақырыптарында маңызды ақпараттар берілді.  Іс-шара оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыруға және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруға бағытталды.  #ТеологпенКездесу  #РуханиТәрбие 
мекп парламентін сайлау
17
октябрь
2025
мекп парламентін сайлау
Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде бүгін Мектеп парламенті президентін сайлау сәтті өтті!  Бұл күні әрбір оқушы өз дауысын беріп, белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Сайлау — мектеп өміріндегі маңызды демократиялық қадам, оқушылардың жауапкершілігін арттыру мен көшбасшылық қабілеттерін танытудың тамаша мүмкіндігі болды.  Барлық үміткерлерге белсенділік пен бастамашылдығы үшін алғыс білдіреміз! Нәтижелер жақында жарияланады! #МектепПарламенті  #ПрезидентСайлауы  #ЖасКөшбасшы  і
"Шахмат" үйірмесі
16
октябрь
2025
"Шахмат" үйірмесі
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,шыдамдылық пен зейінді арттыру мақсатында "Шахмат" үйірмесі жұмыс істейді.     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Ақсу Е.Жайсаңбаев Орта Мектебі (@aksuaudanesbolganzhaisanbaev) ]Үйірме жетекшісі – С.Жасболат.
күзгі асар көрмесі
13
октябрь
2025
күзгі асар көрмесі
«Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде» 2–7 сыныптар арасында дәстүрлі «Күзгі асар» қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, табиғи материалдардан дайындалған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу және табиғатты аялауға тәрбиелеу.  Әр бұйымда — еңбектің, ынта мен ізденістің ізі бар! Іс-шараны педагог-ұйымдастырушы С.Темирхановна ұйымдастырды. #КүзгіАсар  #ҚолөнерКөрмесі  @zhetysu_bilim 
Мектеп парламенті президентін сайлау науқаны
13
октябрь
2025
Мектеп парламенті президентін сайлау науқаны
    Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде Мектеп парламенті президентін сайлау науқаны басталды!  Бұл — оқушылардың өз көшбасшысын таңдайтын ерекше әрі жауапты сәт! Президенттікке үміткерлер өз бағдарламаларымен таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға арналған идеяларын ұсынуда.  Дауыс беріп, өз таңдауыңды жаса! Болашақ мектеп президенті — сенің дауысыңмен анықталады!  #МектепПарламенті  #ЖасКөшбасшы  #Сайлау2025 @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
11
октябрь
2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің ұжымы 11 қазан күні өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысты. Мектеп ұжымы оқу орнының аумағын тазалап,  ретке келтірді. Мақсат – таза әрі көрікті орта қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дәріптеу. Тазалық – тәртіп пен жауапкершіліктің айнасы!  #ТазаҚазақстан  #ЭкологиялықМәдениет  @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20  @kapalakimdigi