01
март
2023
алғыс айту
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай еліміздегі әртүрлі этностардың пайда болу тарихын түсіндіру, көп этносты Қазақстан қоғамын қалыптастыру процесінде қазақтардың қатысуын көрсету, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанға жаппай жер аударылған түрлі этностардың өкілдеріне қайырымдылық көрсетіп, бауырына басқан қазақ халқының дархандығын, кеңпейілдігін есте сақтау, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту, мерекенің идеялық мазмұны мен мәнін насихаттау мақсатында "1 наурыз - Алғыс айту" мерекесіне орай кітапханашы К.Балгабекованың ұйымдастыруымен танымдық сағат,кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға берер тағылымы мол шарада Алғыс айту күні – татулық пен бірліктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың жарқын мерекесі екендігі айтылып, бұл күн бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің орнығуына, достығы мен сыйластығының артуына негіз болатыны баяндалды.
aksu_bilim_bolimi20