«Жарқыра, жайна жаңа жыл-Тәуелсіз қазақ елінде» атты сынып сағаттары
«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021жылдың 27 желтоқсан күні 1-4 бастауыш сыныптары арасында «Жарқыра, жайна жаңа жыл-Тәуелсіз қазақ елінде» атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беріп, балалардың тақпақты мәнерлеп оқуы, әнмен биді нақышына келтіріп орындау қабілеттерін арттыру және әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.